В этом сезоне команды встречались. И если в матче 1 круга Кальяри оказал достойное сопротивление (1:1), то в Кубке Италии сардинцев разбили наголову (0:4). В прошлом сезоне островитяне дома ухитрились не проиграть Юве (2:2), но в целом в этой игре ведущую роль играют "зебры", выигравшие у Кальяри 7 из 10 личку. Наверняка "старая сеньора" одержит опять победу. Вылет из ЛЧ больно ударил по самолюбию туринцев, и на сардинцах они постараются выместить всю злость за фиаско в Эйндховене. К тому же Юве, находящийся на 5 строчке, всего в одном шаге от зоны ЛЧ. Чтобы поменяться местами с Лацио, который свой матч уже провёл в этом туре, сыграв 0:0 Ювентусу нужна победа, равенство по очкам в случае ничьи навряд ли устроит Тьяго Мотту. Ну и в завершение подчеркну разницу в классе команд, особенно в атаке У "зебр" в одиночку решить исход игры способна добрая половина состава, в том числе Коло-Муани и Влахович. В этом плане Кальяри, кроме дисциплины и самоотверженности, противопоставить нечего, а там игра покажет.
[3*******2:07] Quanysh: 👨🏻💻 30 наурыз күні Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының ұйымдастыруымен Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай ZOOM платформасында “Ұлы даланың ұлағатты ұстазы» атты тарихи-танымдық кездесу өтті.
👨🏫 Оған Ы.Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық мемориалдық музейінің бас қор сақтаушысы Назгүл Шектібаева, экскурсия жетекшісі Айымгүл Омархановалар қатысып ұлы ұстаздың атындағы музейге экскурсия жүргізсе, Теміртау қаласындағы Ғабиден Мұстафин атындағы орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Күлайша Бақтыбаева және №4 мектептің мұғалімі Сандуғаш Қасымовалар тарихи тұлға жайлы тағылымды баяндамаларын ұсынды. Ал, іс-шараға қатысқан барша мектеп оқушылары ақынның отты жырларын оқыды.
[3*******1:43] Жұмыс: 🇰🇿 Қабырғалы жұрт Тәуелсіздік алып жатқанда Алтайдан ауған көштің бір тармағымен айтулы ақын ағамыз Солдатқан Орайханұлы да елге жеткен еді. "Қазақ" болып келген осы кісілер болды, ұлт руханиятына рухты жырын, әуелі әнін ала келген. Ибрагим Ескендір орындайтын (төменде👇) термені білеміз ғой, бірақ көбінесе авторын айта бермейміз. Бұдан басқа да өзіме ұнайтын "Қайран есіл" (Саят Медеу орын.), "Атам қазақ болған соң" әндері бар 🎧
Парасатты бұл аса
Жарасатын ат маған.
- Ұлтың кім деп сұраса,
- Қазақпын! - деп шаттанам.
Таза сақтап атымды,
Термелеген қазақпын.
Асыл ұстап затымды,
Зерделеген қазақпын.
Мұсылмандық міндетті,
Талғап келген қазақпын.
Мұхаммедтік үмбетті
Қолдап келген қазақпын.
Арманымның аққуын
Мөлдіреткен қазақпын.
Абылайдың ақ туын
Желбіреткен қазақпын.
Қайыспайтын ұстамды
Жігерімен қазақтың.
Намысымды дұшпанға
Жібермеген қазақпын.
Аппақ сүтін анамның
Ақтап жүрген қазақпын.
Салт-дәстүрін бабамның
Сақтап келген қазақпын.
Айтып шындық айдан да ақ
Шежіресін қазақтың.
Тағдырға өткен қайран қап,
Езілетін қазақпын.
Қабілетім жеткенше
Ән сап өткен қазақпын.
Әділеттің ақ таңын
Аңсап келген қазақпын.
Емін-еркін теңдікке
Кеңдік еткен қазақпын.
Ел боп Егемендікке
Енді жеткен қазақпын.
Парасатты бұл аса
Жарасатын ат маған.
- Ұлтың кім деп сұраса,
- Қазақпын! - деп шаттанам.